2024-2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлердің кешенді тестілеу нәтижелері

Құрметті үміткерлер және ата-аналар!


Осы бетте 2024 жылдың 28-29 наурыз күндері өткен 2024-2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеу нәтижелерімен танысуға болады.

 

1-күн. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тестілеу.

1. «Математика» бөлімі – 400 балл;

2. «Сандық сипаттамалар» бөлімі – 300 балл;

3. «Жаратылыстану» бөлімі – 200 балл.

 

2-күн. Тілдік тестілеу.

1. Қазақ тілі – 200 балл;

2. Орыс тілі – 200 балл;

3. Ағылшын тілі – 200 балл.


Тестілеу нәтижелерін өңдеу Нидерландыдағы (Cito) Педагогикалық өлшеулер институтында жүзеге асырылады. Үміткерлердің жауаптары статистикалық және психометриялық талдауға негізделген арнайы бағдарламалық жасақтамада өңделеді. Аталған тәсіл тестілеу нәтижелерін әділ әрі шынайы бағалайды, сондықтан апелляцияны қажет етпейді.

7-сыныптардың кешенді тестілеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер келесі бөлімдер бойынша шекті балдарды жинауы қажет:

- «Математика» - максималды ықтимал 400 балдан 140 және одан жоғары шекті балл (35% және одан жоғары);

- «Сандық сипаттамалар» - максималды ықтимал балдан (300 балл ) 120 және одан жоғары шекті балл (40% және одан жоғары).

«Өркен» білім беру гранты мектептерге бөлінген грант санына сәйкес шекті балл жинаған және кешенді тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары жалпы балл алған үміткерлерге тағайындалады.

Үміткерлердің жалпы балл саны тең болған жағдайда, «Математика» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика» бөлімі бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, «Сандық сипаттамалар» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, «Жаратылыстану» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Үміткерлердің «Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдері бойынша жинаған балл саны тең болған жағдайда, конкурсқа құжат тапсыру кезінде таңдаған оқыту тілінен (қазақ, орыс) неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

 

Кешенді тестілеу нәтижелері төмендегілерді қамтиды:

  • үміткердің рұқсатнамасында көрсетілген тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК);
  • үміткердің шифрленген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • үміткерлердің кешенді тестілеу бөлімдері бойынша нәтижелері мен жинаған жалпы балы.

Үміткерлердің нәтижелері жалпы балл санына сәйкес сараланған тәртіппен (шекті балды жинағанына/жинамағанына қарамастан, ең жоғары жалпы балдан ең төмен жалпы балға дейін және оқыту тілі есепке алынбай) ұсынылады. 

Шекті балл жинамаған үміткерлердің нәтижелері қызыл түспен белгіленген.

 

МЕКТЕПТЕР БОЙЫНША нәтижелер КЕСТЕСІ

 

Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясы

мекенжайы мен байланыс телефоны


ТСК-ға қатысты ақпарат алу үшін (рұқсатнаманы жоғалту, т.б.) Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына хабарласу қажет:

Школа

Адрес

Телефон

1

НИШ ФМН г. Астана

ул. Хусейн бен Талал, 21

8 (7172) 57-57-85

2

НИШ г. Астана

ул. Хусейн бен Талал, 19

8 (7172) 50-80-33

3

НИШ ФМН г. Алматы

мкр. Горный Гигант, ул.

Жамакаева, 145

8 (727) 331-01-04

8 (727) 331-01-00

4

НИШ ХБН г. Алматы

мкр. Калкаман-2, ул.

Елибаева, 2

8 (727) 338-33-00

5

НИШ ХБН г. Актау

33 мкр., здание 16

8 (7292) 70-10-61

8 (7292) 70-10-66

6

НИШ ФМН г.Актобе

район Астана,

ул. Мангилик ел, строение 8

8 (7132) 41-17-37

7

НИШ ХБН г. Атырау

мкр. Нурсая, пр. Елорда, 22

8 (7122) 55-85-51

8

НИШ ХБН г. Караганда

пр. Шахтеров, 62

8 (7212) 50-78-55

9

НИШ ФМН г. Кокшетау

ул. Тлеулина, 59

8 (7162) 25-31-40

10

НИШ ФМН г. Костанай

пр. Нурсултана Назарбаева, 239

8 (7142) 39-06-70

11

НИШ ХБН г. Кызылорда

ул. Султан Бейбарыс, 6

8 (7242) 40-23-75

12

НИШ ХБН г. Павлодар

ул. Ткачева, 16/2

8 (7182) 66-34-10

13

НИШ ХБН г. Петропавловск

ул. Ибраева, 22А

8 (7152) 55-97-22

14

НИШ ФМН г. Семей

мкр. Карагайлы, 1

8 (7222) 63-63-50

15

НИШ ХБН г. Усть-Каменогорск

пр. Сатпаева, 53

8 (7232) 71-27-15

16

НИШ ФМН г. Талдыкорган

мкр. Каратал, 47

8 (7282) 40-00-69

17

НИШ ФМН г. Тараз

ул. Домалак ана, 266

8 (7262) 99-98-56

18

НИШ ХБН г. Туркестан

мкр. Жаңа қала, ул. 32, 13

8 702 241 82 42

19

НИШ ФМН г. Уральск

ул. Тәуелсіздік, 16

8 (7112) 24-65-12

20

НИШ ФМН г. Шымкент

мкр. Акжайык, 6

8 (7252) 29-44-88

21

НИШ ХБН г. Шымкент

мкр. Нурсат, 1А

8 (7252) 77-55-33

 



Үміткердің статусын көру

Толығырақ білу