2024-2025 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуі

Байқау тестілеуі 21 Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Астана қ. Халықаралық мектепте компьютерлік форматта өткізіледі (әр мектептегі орын саны шектеулі).

Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.

Байқау тестілеуі ақылы негізде жүзеге асырылады (15 000 теңге).


БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

 

 

Байқау тестілеуі өткізілетін күн

Тестілеуге тіркелу және қатысу үшін орын брондау

1

7 желтоқсан 2024 ж.

25 қараша – 6 желтоқан 2024 ж.

2

21 желтоқсан 2024 ж.

9–20 желтоқан 2024 ж.

3

11 қаңтар 2025 ж.

23 желтоқан 2024 ж. – 10 қаңтар 2025 ж.

4

18 қаңтар 2025 ж.

13–17 қаңтар 2025 ж.

5

8 ақпан 2025 ж.

20 қаңтар – 7 ақпан 2025 ж.

6

15 ақпан 2025 ж.

10–14 ақпан 2025 ж.

7

22 ақпан 2025 ж.

17–21 ақпан 2025 ж.

8

1 наурыз 2025 ж.

24–28 ақпан 2025 ж.

 
 

Тіркелу және орын брондау үшін trialtest.nis.edu.kz сілтемесі арқылы онлайн тіркеу порталына өтіңіз.

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ ОРЫН БРОНДАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілінің (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.) trialtest.nis.edu.kz онлайн тіркелу порталында тіркелуі.

2-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізу.

3-қадам. Орын брондау:

байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдау;

байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысу және келісу.

4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын онлайн төлеу.

5-қадам. Заңды өкілдің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсатнамасын жүктеп алу (мектепке келу уақыты рұқсатнамада көрсетіледі).

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ, МЕКЕНЖАЙЫ


Онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz/) тіркеуден өту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша мектептердің қолдау қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызға болады.


Байқау тестілеуі өткізілетін мектептер (құжат тапсырған мектепке қарамастан, байқау тестілеуін кез келген мектепте тапсыруға болады)

Мектептің мекенжайы

1 тестілеуге бөлінген орын саны

Мектептің байланыс телефоны

1

Астана қ. ФМБ НЗМ

Хусейн бен Талал көшесі, 21

200

8 (7172) 575785

2

Астана қ. НЗМ

Хусейн бен Талал көшесі, 19

100

8 (7172) 558033

3

Астана қ. Халықаралық мектеп

Түркістан көшесі, 32/1

100

8 (7172) 916177

4

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Шахтеров даңғылы, 62

175

8 (7212) 507855

5

Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Ж. Тлеулин көшесі, 59

150

8 (7162) 253140

6

Алматы қ. ФМБ НЗМ

Горный Гигант ы/а, Жамақаева көшесі, 145, Нұрлыбаев көшесінің қиылысы

200

8 (7273) 310104

7

Алматы қ. ХББ НЗМ

Қалқаман-2 ы/а, Елібаев көшесі, 2

200

8 (7273) 383300

8

Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

Қаратал ы/а, 47

150

8 (7282) 400069

8 (7282) 400051

9

Ақтау қ. ХББ НЗМ

33 ы.а., 16

150

8 (7292) 701061

10

Ақтөбе қ. ФМБ НЗМ

Астана ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8

180

8 (7132) 411737

11

Атырау қ. ХББ НЗМ

Нұрсая ы/а, 11-көше, 22

150

8 (7122) 558551

12

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239

120

8 (7142) 390677

13

Қызылорда қ. ХББ НЗМ

Сұлтан Бейбарыс көшесі, 6

150

8 (7242) 402375

14

Павлодар қ. ХББ НЗМ

Ткачев көшесі, 16/2

150

8 (7182) 663410

15

Петропавл қ. ХББ НЗМ

Ибраев көшесі, 22 А

150

8 (7152) 559722

16

Семей қ. ФМБ НЗМ

Қарағайлы ы/а, 1

150

8 (7222) 636350

17

Тараз қ. ФМБ НЗМ

Арай массиві, Домалақ ана, 266

150

8 (7262) 999856

18

Түркістан қ. ХББ НЗМ

Жаңа қала ы/а, 32 көшесі,13 үй

200

8 (702) 0663377

19

Орал қ. ФМБ НЗМ

Тәуелсіздік көшесі, 16

170

8 (7112) 246512

20

Өскемен қ. ХББ НЗМ

Қ. Сатпаев даңғылы, 53

150

8 (7232) 712715

21

Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Ақжайық ы/а, Элитный қалашығы, 6-ғимарат

160

8 (7252) 294488

22

Шымкент қ. ХББ НЗМ

Нұрсәт ы/а, 1А

150

8 (7252) 775534


Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысы және тест мазмұнына байланысты сұрақтар бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының байланыс телефондарына хабарласыңыз: 8775 637 23 66 (Whatsapp, қоңыраулар, дс-жм сағ. 9:00-ден-18:00-ге дейін),8 (7172) 23 52 78 (iшкі нөмір - 1313), 8 (7172) 23 57 63 (iшкі нөмірлер – 1319, 1315).

Байқау тестілеуінің шарттары, өткізілу тәртібі, тіркелу, төлем жасау және қатысушылардың байқау тестілеуі кезіндегі тәртіп ережесіне қатысты толық ақпарат nis.cpi.kz интернет ғаламторында  және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына конкурстық іріктеудің байқау тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы ережеде көрсетілген.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2024 жылдың 25 қарашасынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тесті (бұдан әрі – байқау тесті) өтетінін хабарлайды. Толығырақ ақпаратты https://trialtest.nis.edu.kz сайтында немесе +7 775 63 723 66  телефоны (WhatsApp, жұмыс күндері сағ. 9-дан 18-ге дейін) арқылы алуға болады. 

Байқау тесті НЗМ сарапшылары тарапынан оқушылардың емтихан тапсыру сауаттылығын арттыру, тапсырмалар форматымен және түрлерімен таныстыру мақсатында әзірленді. 

 Биыл байқау тестінің әрбір қатысушысына жеке кері байланыс ұсынылады, онда әрбір пән бойынша тестілеу барысында қате жіберілген тақырыптар мен тапсырма типтері көрсетіледі. Сонымен қатар дайындық бойынша ұсынымдар беріледі. 

Байқау тестілеуі компьютерлік форматта шектеулі орын санымен Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Астана қ. Халықаралық мектепте конкурстық іріктеуге барынша жуықтатылған жағдайда өткізіледі. 

Байқау тестіне тіркеу https://trialtest.nis.edu.kz сайтында жүреді.