Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылып, 2013 жылдың 27 тамызынан өз жұмысын бастады. «Павлодар қаласы ХББ НЗМ» аббревиатурасы кеңінен қолданылады.

Мектеп миссиясы: Әр оқушының әлеуетін аша отырып, бәсекеге қабілетті, құндылықтары тұрақталған тұлғаны ққалыптастыру.

Бағдар: Мектеп түлектері адамгершілік құндылықтары қалыптасып тұрақталған, өз елінің патриоттары болып табылады, үш және одан да көп тілді еркін меңгереді. Олар – үйлесімді қалыптасып-дамыған, дені сау, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа бағытталған, сыни ойлайтын және мәселелерді шеше алатын азаматтар. Мектеп түлектері қазақстандық беделді жоғары оқу орындарына және шетелдік университеттерге түсіп, бітіреді, еңбек нарығында табысты бәсекелесе алады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады. Мектеп Қазақстанның орта білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық тәсілдерін, өзінің тәжірибесін көрсетеді.

Құндылықтар:

Өзіне және қоршаған ортаға деген құрмет

Ынтымақтастық

Жауапты азаматтық ұстаным

Академиялық адалдық

Өмір бойы оқу

Ашықтық

  • Көшбасшылық

2016 жылдың соңында Қамқоршылық Кеңес құрамы бекітілді, оған жергілікті ЖОО басшылары, қалалық мәслихат депутаттары кіреді. Қамқоршылық кеңесінің мәжілістерінде мектепті дамыту мәселелері үнемі талқыланады.

2018 жылдың қараша айында зияткерлік мектеп халықаралық аккредитациядан сәтті өтті және қазіргі таңда «CIS accredited school» деген мәртебеге ие. Бұл сертификат мектептің жоғары сапалы білім беру және тәрбие қызметін көрсетуінің дәлелі болып табылады.

Мектепте оқу үдерісін сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған 4 оқу корпусы, облыстың шалғай аудандарынан келген оқушылар тұратын интернат бар. Білім беру мекемесі 720 оқушы контингенті бар 58 оқу сыныбына есептелінген. Назарбаев Зияткерлік мектебінде кеңейтілген зертхана, физика және химия кабинеті, нанотехнология, робототехника, техникалық модельдеу және өнер кабнеттері бар. Сонымен қатар, мектепте жеке сабақтарға, психологиялық қолдауға арналған кабинеттер және қосымша бірнеше әмбебап кабинеттер қарастырылған.

Мектепте 117 мұғалім жұмыс жасайды: мұғалім-эксперт – 19, мұғалім-модератор – 48, мұғалім-стажер – 21, мұғалім – 29, 48 магистр (4 – Назарбаев Университетінің магистрі), 3 қызметкер «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келген, 23 мұғалім сертификатталған тренерлер. Мектеп мұғалімдері елде және шетелде танылған зияткерлік өнімдердің иегерлері болып табылады

Мектепте 6 шетел педагог–мұғалім жұмыс істейді, олар ағылшын тілінде оқыту дағдыларын дамытуға қолдау көрсетеді. Шетелдік педагогтер 11-12 сынып параллельдерінде жұмыс істейтін мұғалімдермен бірге сабақ береді. Олар жергілікті мұғаліммен жұптасып жұмыс істей отырып, оқушыларды SAT-ге дайындау тәжірибесімен бөліседі.

Мектеп түлектері (25 пайыз) шетелдік жоғары оқу орындарының гранттарына ие болды, оқушылардың 20 пайызы Назарбаев университетіне түсті, қалғандары Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарының гранттарына ие болды.

2021-2022 оқу жылында IELTS орташа балы 6,7 балды құрады.

2019 жылы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектебімізге келді. Кездесу барысында Президент WRO-2019 аймақтық кезеңіне қатысушылармен кездесті, Model United Nations мектеп клубының жұмысымен, "Қазақстан қазіргі әлемде» кабинетімен танысты.

Павлодар қаласындағы НЗМ халықаралық серіктес мектептермен ынтымақтасады. Ынтымақтастықтың мақсаты – оқушылардың тілдік практикасы үшін жағдай жасау, мәдени алмасу, мәдениетаралық коммуникация және жаһандық азаматтық дағдыларын дамыту.

Халықаралық серіктес мектептер:

1. Гимназия Гёте, Вецлар, Германия. 2018 жылдың 21 қазаны мен 5 қарашасы аралығында оқушылар алмасу шеңберінде неміс тілін үйрену үшін 15 оқушы Германияға барды.

2. Школа Wolfert, Роттердам, Нидерланды. 2018 жылы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы жылы осы ұйымның мұғалімдері Павлодар қаласының НЗМ және жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдеріне CLIL бойынша курстар ұйымдастырды. Осы мектептің оқушылары 2019 жылы 7 сәуірден 14 сәуірге дейін Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ-де оқыды.

3. Колмогоров атындағы СУНЦ. 2017 жылдан бастап жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 дарынды оқушысы химия, биология, физика және математика пәндері бойынша дайындық курстарынан өтеді. Сабақтарды ММУ профессорлары өткізеді. Мақсаты - халықаралық олимпиадалар мен жобаларға дайындық.

4. Новосібір мемлекеттік университеті жанындағы СУНЦ. ЖОО оқытушылары Павлодар қаласындағы ХББ .НЗМ базасында дарынды оқушылармен олимпиадаға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

5. Гонконг, Хилел (Израиль) мектептерімен онлайн-жобалар. Оқушылар жаһандық азаматтық, экология мәселелері және сандық коллаборативті оқыту туралы бірлескен жобалар жасайды.

Павлодар қаласындағы ЖОО-мен ынтымақтастық

Мектеп Павлодар қаласының ЖОО: Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетімен (ПМПУ) және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен бірлесіп жұмыс істейді. (С.Торайғыров атындағы ПМУ). Осы жоғары оқу орындарының студенттері мектеп базасында педагогикалық тәжірибеден өтеді. Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ мұғалімдері мен ғалымдардың ынтымақтастығы оқушылардың жобалық және зерттеу қызметін дамытуда маңызды рөл атқарады. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Program мектеп түлектеріне ПМПУ және ПМУ-да жеделдетілген бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік береді.

Эразмус жобасына қатысу (англ. Erasmus) – Еуропалық Одақтың студенттер алмасу бағдарламасы мектеп оқушыларына шетелде оқуға мүмкіндік береді.

Мектептегі тәрбие жұмысы "Павлодар облысының білім беру басқармасы" ММ, мұражайлар, театрлар, облыстық кардиологиялық орталық, "Шарбақты ауданының білім беру бөлімі" ММ сияқты ұйымдармен ынтымақтастыққа негізделеді.

Білім беру бағдарламасы – NIS-Program, Үш тілді білім беру (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру), 2 шетел тілін (француз, қытай, корей, неміс) оқуға рұқсат беру, мектептің материалдық жабдықталуы, бағалау процестерінің ашықтығы, оқушылардың сапалы олимпиадалық қозғалысы мен ғылыми жұмыстарының нәтижелілігі – бұл мектептің күшті жақтары.

Сондай-ақ, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар мен мектеп түлектері мектепте оқыту мен бағалаудың оң аспектілерін атап өтті:

- оқу бағдарламасы оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келеді;

- сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады;

- мұғалімдер оқытудың әр түрлі әдістерін қолданады;

- оқуға мәдени және мәдениетаралық компонент табысты енгізілді;

- оқушылардың жұмысы әділ бағаланады.

Павлодар қаласындағы НЗМ білім беру мазмұнын жаңарту, мұғалімдердің зерттеу қызметі, оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде тәжірибе тарату бойынша әдістемелік орталық болып табылады. Тәжірибені тарату ашық (онлайн) сабақтар, семинарлар, мастер-кластар, ашық есік күндері, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, ата-аналармен кездесулер ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылдың сәуір айынан "NIS RADIOSY" деп аталатын мектеп радиосы жұмыс істейді, ол өз шығарылымдарында оқушылар мен мұғалімдердің өмірінде болған маңызды оқиғалар туралы айтады. Домбыраға арналған 5 бұрыш оқушыларға музыкалық аспаптарда кез келген уақытта ойнауға мүмкіндік береді, қазақ мәдениетіне деген қызығушылықтарын дамытады. Облыстық деңгейде 2018 жылдан бастап мектеп базасында "Айтыс" байқауы өткізіле бастады.

Бәсекеге қабілетті оқушыларды қалыптастыру үшін мектеп әр оқушының әлеуетін аша отырып, олимпиада қозғалысын дамытуға ерекше жағдай жасайды. Мұғалімдердің жүйелі жұмысының арқасында жыл сайын Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жетістіктерінің көрсеткіштері өсіп келеді. Әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларда жеңіп алған медальдардың саны бойынша мектеп 2015-2020 жылдары Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында гуманитарлық бағыттағы үздік олимпиадалық мектеп болды Қазақстан Республикасының барлық мектептері арасындағы Республикалық пәндік олимпиадалардың қорытындысы бойынша Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын"орталығы рейтингінде төртінші орын алады. Мектеп оқушылары – физика, химия, география, биология пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Мектепте қызығушылық бойынша ортақ пікірлестікті біріктіретін клубтар жұмыс істейді: TEDх, Википедия, GIN, MUN, көшбасшылық мектебі, redx оқырмандар клубы, "Жас геолог", ЮНЕСКО, "Жас қаламгер", "Алтын сақа" және т.б.

Мектеп оқушылары 62 үйірмеге қатысады: домбыра, би, "Асыл мұра" ұлттық аспаптар оркестрі, қыш іс, театр үйірмесі және т. б. Сонымен қатар олимпиадаларға, емтихандарға дайындық сабақтары және қолдауды қажет оқушыларға жеке кеңес беру сабақтары өткізіледі.

Мектеп оқушылардың дене бітімінің дамуына, балалардың денсаулығына және спорт секцияларына ерекше көңіл бөледі. Білім беру мекемесінде екі спорт залы бар, спорттық-сауықтыру блогы жұмыс істейді. Мектеп аумағында баскетбол және волейбол алаңдары, футбол алаңы, жүгіру жолағы орналасқан. Қысқы уақытта дене шынықтыру сабақтары мектептен 300 метр қашықтықта орналасқан шаңғы базасында өткізіледі. Мектеп базасында баскетбол, футбол, волейбол және т. б. облыстық деңгейдегі жарыстар өткізіледі.

Оқушылардың спорттық жетістіктері :

Шахматтан Республикалық турнир «Мектеп Ұлттық Лигасы «Ақбозат 2019» – 1 орын, баскетболдан спартакиада - 1 орын, футболдан қалалық турнир - 2 орын, үстел теннисінен спартакиада - 3 орын, «Тоғызқұмалақ» бойынша қалалық спартакиада - 2 орын, «Қазақ күресі»-нен қалалық спартакиада - 1 орын. Жасөспірімдер арасында футзал бойынша желілік спартакиада қорытындысы бойынша химия-биологиялық бағыттағы Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі басты кубок иегерлері атанды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында ұлдар волейбол командасы да спартакиада қорытындысы бойынша басты кубокты жеңіп алды.

Мектептің "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастығы нәтижесінде "кәсіпкерлер клубының" ашылуы болды. Клубтың мақсаты – кәсіпкерлік, бизнес және экономика негіздері бойынша базалық білім алу.

Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ әлеуметтік іс-шараларға белсенді қатысады және жұртшылықпен ынтымақтасады. Ол үшін мектеп сайты, әлеуметтік желілердегі бет құрылды.

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасы 128 орынға арналған. Ол мектептің ғимаратында 3 қабатты жек еблок ретінде орналасқан. Жатақхананың ғимаратында тәрбиеленушілердің ыңғайлы тұруына арналған барлық жағдай жасалған. Бөлмелер адамға шақталған, бөлмеде жеке жуынатын бөлме мен душ бар. Қабаттарда қажетті тұрмыстық құрал-жабдықтары бар шаруашылық бөлмелері орналасқан. Балалар тәрбиешілер, көмекшілермен медбикелердің бақылауында тәулік бойы болады.

Оқушылардың жатақханадағы бос уақытын тиімді әрі пайдалы етіп өткізу бағытында педагогикалық қызметкерлер ауқымды жұмыс атқарады. «Шебер қолдар», «Золотая ниточка», «Кукольный мастер», «Ковровая вышивка», «Алтын сақа», «Жас қалам», «Домоводство», «Үкілі домбыра», «Көркемсөз оқу және сахна мәдениеті» атты үйірмелер жұмыс істейді.

Жатақхананың білім беру жүйесінің негізгі мақсаты:

Жаңа өмір жағдайларына бейімделуге қабілетті, рухани бай, еркін, физикалық сау, шығармашылық ойлайтын тұлғаны дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Тәрбие жұмысы перспективалық жоспардың 7 бағыты бойынша құрылған.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

- Оқушылардың ұйымшылдығына, рухани-адамгершілік дамуы мен бір-бірімен достық қарым-қатынасының қалыптасуына ықпал ету.

- студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру; туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу,

Денсаулықты сақтауға және нығайтуға жағдай жасау.

- Жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту; айналадағы әсемдікті сезініп, көре білу, тәуелсіздік пен өзін-өзі басқаруға дағдыландыру.

- Әр оқушының шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктері мен қабілеттерін зерттеуді жалғастыру

Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Усолка шағынауданы, Ткачев көшесі 16/2

Телефон: 8 (7182) 663 410 приемная, 8(7182) 663 420 респешн

Электронды пошта: info@pvl.nis.edu.kz

Веб-сайт: pvl.nis.edu.kz