Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі

2010 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылар үшін есігін айқара ашты.

2011 жылдың 12 шілдесінде зияткерлік мектепке Халықаралық Бакалавриат ұйымына қабылдануға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Халықаралық Бакалавриат (ХБ) аясында оқушыларға оқу профилін таңдауына мүмкіндік берілуіне байланысты мектептің химиялық-биологиялық бағыты Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі болып ауысты. Бұл Назарбаев Зияткерлік мектептері желісіндегі Халықаралық Бакалавриат болып табылатын жалғыз мектеп.

2011 жылғы 21 қыркүйекте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Халықаралық Бакалавриат Ұйымы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2011 жылдың қыркүйегінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ХБ ұйымының Дипломдық бағдарламасын авторизациялау үшін «Үміткер мектеп» мәртебесі берілді.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылы Дипломдық Бағдарламаны және 2015 жылы Орта Мектеп бағдарламасын бекітті. 2019 жылы мектеп ХБ бағалауынан өтті және ХБ ұйымындағы өзінің жоғары мүшелік мәртебесін растады.

2016 жылы Астана Зияткерлік мектебі халықаралық аккредитациядан өтуге үміткер мектептерге қойылатын барлық талаптар мен шарттарды орындап, командалық визитті өткізіп, Халықаралық мектептер кеңесінің (Нидерланды) халықаралық аккредитациясын алды. Сертификат мектептің жоғары сапалы білім беру қызметтерін көрсетуін растайды. Халықаралық бакалавриат халықаралық үкіметтік емес білім беру ұйымы болып табылады, оның негізгі қызметі оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқушылардың жетістіктерін бағалау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мектептерді авторизациялау және олардың жұмысын бағалау болып табылады.

Халықаралық бакалавриат бағдарламалары 35 жылдан астам жоғары сапалы білім беру беделіне ие. IB дипломын әлемнің 150 еліндегі 5000-нан астам университеті мойындайды. Олардың арасында MIT, Brown, Princeton, NYU, Minerva, Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Йель, Пенсильвания университеті, UofT, TIU, Erasmus, Амстердам университеті, Катардағы Джорджтаун университеті және т.б. сияқты беделді университеттер бар. IB-де 1,95 миллионнан астам оқушы білім алады. ХБ-дағы білім беру оқушылардың оқу процесіне оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

IB оқушылары жоғары деңгейдегі сұрақтар қоюға, сыни тұрғыдан ойлауға, зерттеу дағдыларын дамытуға және қоғамдық жұмыстарға қатысуға үйренеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін соңғы үлгідегі зертханалар, интерактивті мультимедиялық жабдықтары бар заманауи кабинеттер, интернетке қосылған ноутбуктер бар.

Мектептің кітапхана қоры оқу-тәрбие үдерісін сапалы өткізу үшін материалдық-техникалық базамен және ресурстармен жабдықталған. Кітапхана қоры 6134 атаудан, 22871 дана қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдердегі оқу-әдістемелік материалдар мен көркем әдебиеттерден тұрады. 2021 жылдан бастап кітапхана жаңа халықаралық Follet Destiny жүйесі бойынша жұмыс істейді. Follett Destiny кітапхананың барлық баспа және сандық ресурстарға қол жеткізу үшін бірыңғай іздеу интерфейсін ұсынады. Кітапхана сонымен қатар Gale Cengage Learning және ProQuest сияқты халықаралық дерекқорларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Мектепте конференция және мәжіліс залдары, спорт, гимнастика, фитнес, би залдары, футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары, жүгіру жолы бар. Мектептің педагогикалық ұжымында Колумбия, Канада, Ұлыбритания, Португалия, Филиппин, АҚШ, Үндістан және Кения сияқты елдерден келген шетелдік және жергілікті мұғалімдер бар. Мұғалімдер біліктілігін арттыру үшін үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Сапалы білім беру саласында тәжірибе алмасу мақсатында әлемге әйгілі университеттер мен мектептерден келген қонақтардың қатысуымен семинарлар тұрақты өткізіліп тұрады.

Мектепте робототехника, қолөнер, фитнес, футбол, шахмат, көркем-эстетикалық іс-шаралар, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, би студиясы скеілді үйірмелер ұсынады. Сонымен қатар, оқушылар француз, неміс, корей және қытай тілдеріндегі тіл үйірмелеріне қатысуға мүмкіндігі бар.

Мектеп IELTS халықаралық емтихандар дайындалуға үлкен көңіл бөледі. Мектеп аптасына бес күн жұмыс істейді.

Үш мезгіл тамақ, педиатрдың бақылауымен қамтамасыз етеді.

Мектеп мекен-жайы: Нұр-Сұлтан, Хусейн бин Талал көшесі, 19 ғимарат (Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының қиылысы)


Қабылдау телефоны: 8 (7172) 55 80 33

Электрондық поштасы: school@ib.nis.edu.kz

Веб-сайт: nisa.edu.kz

Instagram: nis_astana_ib

Facebook: Nazarbayev Intellectual School in Nur-Sultan