Баспасөз-қызметі
Зияткерлік мектептердің дәстүрлі тамыз кеңесі бастал
Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Кәсіптік оқыту қоғамдастығын дамыту: сапа және тиімділік» тақырыбындағы тамыз кеңесі басталды.
NIS-тің дәстүрлі тамыз конференциясы Зияткерлік мектептердің барлық педагогтерін білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Сондай-ақ өткен оқу жылын қорытындылап, алдағы жоспарларды саралауға бағыттылған жиын.
Екі күн ішінде NIS педагогтері қашықтан тақырыптық және практикалық алаңдарға қатысады. Секциялар кезінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру, мектепте тәрбие процесін ұйымдастыру, NIS оқушыларын қолдау үшін цифрлық психологиялық сервистерді интеграциялау, кәсіптік бағдар беру мен жетілдіру мәселелері талқыланады.
Айта кетейік, биыл Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушыларды тамақпен қамту жұмыстарын ұйымдастыру, Beyim және Canvas платформаларын іске қосу жоспарланған. Бұл оқушылардың үлгеріміне, ұстаздардың кәсіби дамуына септігін тигізетін цифрлық жүйелер.
Сонымен бірге биыл NIS білім беру бағдарламасына да бірқатар өзгерістер енгізіледі. Кейбір пәндер бойынша артық жүктеме сағаттары қысқартылады.
Конференция жұмысы 21-22 тамызда Түркістан қаласында офлайн форматта жалғасады.