Баспасөз-қызметі
Зияткерлік мектептердің басшылары бір алаңға жиналды
Тамыз конференциясы Зияткерлік мектептердің барлық директоры мен олардың орынбасарларын бір алаңға жинады.
«Сыртқы жиынтық бағалау: мәліметтерге талдау жасаудан зерттеуге дейін» тақырыбындағы тәжірибелік алаңда мектептің топ менеджерлері командалық жұмыс жүргізіп, білім ордаларындағы жиынтық бағалау нәтижелерін талдады. Оқушылардың академиялық жетістіктеріне әсер ететін оқыту мен тәжірибеге қандай факторлар көбірек әсер ететінін қарастырды.
«Мектеп қоғамдастығында оқушының жеке жетістіктеріне қолдау көрсету» алаңы директорлар мен олардың орынбасарларына балалардың құзіреттілігін дамытуға бағытталаған әдістемелермен жаттығуға мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде білім беру мақсаттарына жету үшін оқу жоспарына енгізуге арналған «жасырын куррикулм» әдісін қолдануды үйретеді.
– Біз мектеп әкімшілігі өкілдерімен оқу мақсаттарының сауаттылық түрлеріне және дағдыға қалай бағытталғанын анықтап, кейін құзыреттіліктерді дамытудың жолдарын қарастырдық, бұл біздің білім бағдарламамыздағы идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі, – дейді Білім беру бағдарламалаы орталығы директорының орынбасары Ғалия Алжанова.