Зияткерлік мектептердің 33 педагогі Ұстаздар күніне орай марапаттарға ие болды

NIS педагогтері кәсіби мереке – Ұстаздар күні қарсаңында Құрмет грамоталарымен және алғысхаттармен марапатталды. Үш ұстаз биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломын алды. Олардың ішінде Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS-тің педагог-модераторы Шолпан Әбішева, Қостанай қаласындағы NIS-тен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Рашит Тәтімбеков және математика пәнінің мұғалімі Майра Мұсабекова бар.

Шолпан Әбішева – Pro.NRG 2023 халықаралық байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы, «Science on stage Europe – 2024» фестивалінің делегаты. Сондай-ақ ол ХХІХ халықаралық ТУЙМААДА олимпиадасының алтын медаль иегері Еңлік Бақытбекованың жетекші-жаттықтырушысы.

Рашит Тәтімбеков – «Сабақтарды бақылау жүйесі» цифрлық ресурсының, «Білім берудегі цифрландыру және инновациялар» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағының тең авторы, білім беру ұйымдары басшыларының секциясында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының жеңімпазы.

Майра Мұсабекова болса педагогикада 24 жыл жұмыс істеген, оның 7 жылын NIS жүйесінің дамуына арнаған. Оның оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында, Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалар сайыстарында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар білікті педагог «Онлайн мектеп» білім беру жобасына атсалысқан.

Бұдан бөлек NIS-тің 30 мұғалімі алғысхатпен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда:

Ақтаудағы NIS Ринат Жұмабаев – Құрмет грамотасы Мирас Құрбанғалиев – Алғысхат

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS Раушан Бугуева – Құрмет грамотасы Медет Ақшалов – Құрмет грамотасы

Астанадағы NIS Қымбат Дүйсембаева, Арман Иманшарипова – Құрмет грамотасы

Атыраудағы NIS Ерали Бижанов, Айнагүл Арыстанбаева, Миржан Сұлтанов және Айсауле Тілеулесова – Алғысхат

Көкшетаудағы NIS Бақыт Мұсағұлова, Ботагөз Әбдірахманова – Құрмет грамотасы А йгүл Төлеубаева, Лаура Шегірова – Алғысхат

Қызылордадағы NIS Айгүл Әбуова – Құрмет грамотасы Гаухар Мананбай – Алғысхат

Семейдегі NIS Құралай Қалиева – Құрмет грамотасы Хафиза Акимжанова – Алғысхат

Талдықорғандағы NIS Наталья Ким – Алғысхат

Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS Шакан Ясынжан – Алғысхат

Тараздағы NIS Станислав Котов – Құрмет грамотасы

Өскемендегі NIS
Жанар Әбішева – Құрмет грамотасы

Оралдағы NIS Шолпан Хайруллина – Құрмет грамотасы Эльвира Айдыналиева, Балжан Темербаева, Жәмила Хусанова – Алғысхат

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS Гүлжамила Сүлейменова, Айжан Сәрсенбаева, Салтанат Жалмаханова, Алтынай Әселбекова – Құрмет грамотасы