Баспасөз-қызметі
Зияткерлік мектептердің 2023 жылғы үздік мұғалімдері анықталды
Астанада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздарына арналған «Үздік жыл мұғалімі» желілік байқауы өз мәресіне жетті.
Әділ қазылар алқасы NIS педагогтерінің кәсібилігі мен шығармашылығын, стандартты емес шешімдер қабылдаудағы терең қасиеттерін мен сыни ойлау қабілеттерін жоғары бағалады.
– Сіздер өздеріңізді биік әрі ізгі миссияға арнай отырып, кемел қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеуге және оқытуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Ұлы қызметке деген сүйіспеншіліктеріңіз бен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстанымдарына деген адалдығыңыз үшін алғыс білдіремін, – деп NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қатысушыларды шабыттандырды.
«Үздік жыл мұғалімі» байқауының бас жүлдесін Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің информатика пәні мұғалім-модераторы Мақпал Мұқанова еншіледі.
Бірінші орынды Тараз қаласындағы NIS-тің физика пәні мұғалім-сарапшысы Мирлан Джусамбаев иеленсе, екінші орынды Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің информатика пәні мұғалім-модераторы Бауыржан Шоқанов алды. Үшінші орын Түркістан қаласындағы NIS-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шыңғыс Дарханға бұйырды.
Сондай-ақ әр қатысушы ақшалай сыйақы, марапаттау қағаздары, естелік сыйлықтар және мұғалімдердің ашық ұлттық саммиті – «Teachers’ Summit»-ке жолдама алды.
Биыл «Үздік жыл мұғалімі» байқауы алтыншы рет ұйымдастырылып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 15 жылдығына арналды.