Баспасөз-қызметі
Зияткерлік мектептерде желілік спартакиадалар басталды
Бүгін 21 Назарбаев Зияткерлік мектебі (NIS) мен Астана Халықаралық мектебінің (ISA) оқушылары арасында тоғызқұмалақтан және баскетболдан желілік спартакиадалар басталды.
Спорттық шаралар 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Тоғызқұмалақ ұлттық ойынына NIS пен ISA-дан 94 оқушы қатысады. Олар қашықтан PlayOK платформасында рапид түрінен жарысады.
Спартакиадада Маңғыстау облысының тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдердің аға жаттықтырушысы Марат Бекбауұлы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының жүлдегері Гүлнар Базаралиева және Жетісу облысының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы Бауыржан Шурин төрешілік етеді.
Ал Орал, Қостанай, Семей және Түркістан қалаларындағы NIS жас баскетболшыларды қарсы алды.
Зияткерлік мектептердің ер балалары мен қыз балаларынан жинақталған 44 команда үш күн ішінде аймақтық кезеңнің үздік ойыншыларын анықтайды. Жеңімпаздар ақтық кезеңге өтеді.