Зияткерлік мектеп оқушысы физикадан Азия олимпиадасында қола медаль иеленді

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Бекасыл Елубай физикадан Халықаралық Азия олимпиадасында (APhO) қола медальға ие болды. Биыл Малайзияның Перак қаласында өткен білім сайысында әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынады.

Байқау шартына сәйкес қатысушылар 5 сағат бойы теориялық білімдерін емтихан түрінде тапсырса, қалған 5 сағатта зертханалық эксперименттерін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Бекасыл – республикалық олимпиаданың, Халықаралық астрофизика және астрономия, Жәутіков олимпиадаларының жүлдегері.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.