Зияткерлік мектеп оқушылары химия олимпиадасында 3 медаль жеңіп алды

Жезқазғанда Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада өтті. Іс-шараға 80 оқушы, оның ішінде үш NIS оқушысы қатысты.

Қ. Сәтбаев атындағы республикалық олимпиада дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды дамыту, сондай-ақ оқушылардың химияны оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

Олимпиада бес күнге созылды. Жас химиктер өз білімдерін теориялық және практикалық турларда сынап көрді.

Зияткерлік мектептердің 3 оқушысы да жүлделі орындарға ие болды. Алтын медальді Ақтаудағы NIS оқушысы Санжар Жақұбов алса, күміс жүлде Қарағандыдағы NIS-тен Алидар Айтжановқа, қола Орал NIS-тен Әлихан Ғайноллаға бұйырды.

Байқау қорытындысы бойынша олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдары, сонымен бірге еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранты, бағалы сыйлықтар табысталды. Зияткерлік мектеп оқушысы Санжар Жақұбов Satbayev University-ге оқуға грант алды.