«Зияткерлер ордасына 365 күн»

Ежелгі мекенде бой көтерген NIS бірінші туған күнін атап өтті

Түркістандағы Зияткерлік мектептің бірінші туған күні NIS-тің барлық достарының басын қосты. Оқушылар мен мұғалімдерді, қызметкерлер мен ата-аналарды Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Айдос Сәкенов, №28 IT-мектеп-лицейінің директоры Ляззат Нысанқұлова, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің директоры Қайырбек Буксукбаев, қамқоршылық кеңес мүшелері, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларындағы NIS түлектері құттықтады.

Мектеп директоры Балқан Касимов бірінші жыл барлық оқушы мен отбасы мүшелеріне, педагогикалық ұжым мен оңтүстік өңірдің бүкіл білім беру жүйесі үшін жарқын оқиғаларға толы болғанын атап өтті.

«Зияткерлер ордасына 365 күн» мерекелік концертінің алғашқы қойылымын NIS-көлеңкелер театрының жаңа шығармашылық ұжымының қатысушылары дайындады.