Зияткерлер NIS қоржынын жаңа медальдармен толықтырды

Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан оқушылары арасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиада өтті. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары халықаралық олимпиадада 2 алтын, 6 күміс және 6 қола медаль иеленді.

Алтын медаль иегерлері:

Әмір Нұриев – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Олжас Мусалимов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Күміс медаль иегерлері:

Еларыс Ертайұлы – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS

Әмірхан Айдархан – Тараздағы NIS

Әкежан Асқар – Cемейдегі NIS

Арман Қали – Павлодардағы NIS

Жасын Егнай – Павлодардағы NIS

Асанәли Серікбол – Павлодардағы NIS

Қола медаль иегерлері:

Нұрсұлтан Ерланұлы – Талдықорғандағы NIS

Әмір Әбділдин – Талдықорғандағы NIS

Әлихан Шерияздан – Павлодардағы NIS

Александр Ершов – Қостанай NIS

Азамат Жолжан – Ақтау NIS

Батыр Ерденов – Қарағандыдағы NIS

Айта кетейік, Еуразиялық олимпиада білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер мен Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен жыл сайын өтеді.