Баспасөз-қызметі
Жаһандық педагогиканың стратегиялық басымдықтары және табысты мансап құрудың жаңа талаптары
Толығырақ – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың онлайн-дәрісінде
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың онлайн-дәрісінде балалардың болашағына және олардың сұранысқа ие маман болуына қатысты жаһандық педагогиканың стратегиялық басымдықтары талданды.
Қазіргі заманның жаңа басымдықтары: еңбек нарығының трансформациясы, жұмыс орындарын цифрландыру және жаңа мамандықтардың пайда болуы, гибридті кеңселерді құру, hard skills және soft skills секілді дағдылардың үйлесімі табысты мансап құрудың жаңа талаптарын анықтайды. Үздіксіз білім алу әрбір адамның өмір сүру салтына айналуда, әлемде әртүрлі білім мен дағдыларды үнемі жаңартып отыруды көздейтін бірегей экожүйе қалыптасуда.
Күләш Шәмшидинованың дәстүрлі дәрісі NIS-тің педагогтерді кәсіби дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасы аясында дайындалды. Өзекті баяндама Семей қаласындағы Зияткерлік мектепте ұсынылып, онлайн-лекцияға еліміздің барлық өңірлерінен жүздеген ұстаз қосылды.