WRO-2023 республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Бүгін Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2023 жылғы World Robot Olympiad аясында өткен робототехника бойынша республикалық чемпионат қорытындыланды.

«Әлемді біріктіреміз» тақырыбында өткен ұлттық олимпиадада жас робототехниктер төрт санат бойынша бақ сынасты: Future Engineers, RoboMission, Future Innovators және RoboSports.

WRO-2023 үздіктерін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарушы директоры Данияр Теміртасов, Цифрландыру жөніндегі басшысы Нұрсұлтан Дүйсебаев, NIS Ақпараттық технологиялар және қызмет ету орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов, сондай-ақ Алматыдағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева марапаттады.

RoboMission. Elementary санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

I орын – «Robolab» командасы – Мансұр Биданов, Рустам Анас (Астана қаласындағы Robolab балалар мен жасөспірімдер клубы)

II орын – «Ngs» командасы – Имран Кузиев, Естай Жұмақанов (Алматы қаласындағы New Generation School)

III орын – «WINNER» командасы – Әділжан Қабыкенов, Азат Сапаралы (Семей қаласындағы №22 мектеп-лицейі)

RoboMission. Junior санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

I орын – «ROBOTEK Cyrex» командасы – Вагиз Дисембаев, Жанарыс Қапаров (Астана қаласындағы Роботек мектебі)

II орын «Milestone_two» командасы – Ниязбек Жұмабек, Омар Зәпір (Астана қаласындағы Milestone school)

III орын – «RY-team» командасы – Еңлік Маман, Раушан Асқар (Талдықорғандағы NIS)

RoboMission. Senior санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

I орын – «ROBOTEK Fusion» командасы – Батырхан Бәйтереков, Марат Казкенов (Астана қаласындағы Роботек мектебі)

II орын – «QYZYLORDA Rage» командасы – Максим Усольцев, Дінмұхаммед Абдиев (Қызылордадағы NIS)

III орын – «TXKMZ» командасы – Ясмин Серікбай, Аян Оспан (Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS)

Future Innovators. Elementary санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

I орын – «Zere» командасы – Айзере Есеналина, Аиша Талғатқызы (Ақтөбе қаласындағы №75 орта мектебі)

II орын «ZIS kids» командасы – Ахметжан Қуанышбекұлы, Диас Намарат (Қызылорда қаласындағы Зияткер инновация мектебі)

III орын – «Роботроники» командасы – Жания Қайролла, Медина Тыныбек (Павлодар облысының №2 Майқайың орта мектебі)

Future Innovators. Junior санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

I орын – «Мама-Паук» командасы – Ранона Жалелқызы, Карима Мақан (Талдықорғандағы NIS)

II орын «Ever Given» командасы – Арслан Есболат, Асанәлі Бекмағамбет (Көкшетаудағы NIS)

III орын – «GirlsFromFuture» командасы – Амина Омарова, Жасия Болат (Қызылордадағы NIS)

Future Innovators. Senior санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

I орын – «Tlcs.bot» командасы – Диана Хасимова, Илья Стасюков (Талдықорғандағы NIS)

II орын «ACRS» командасы – Әділет Аусарбеков, Әлиәмір Құрманғазы (Астанадағы NIS IB)

III орын – «Electric samovar» командасы – Максим Косов, Даир Сырлыбаев (Ақтөбедегі NIS)

«RoboSports» санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

I орын – «A'Doner» командасы – Сергей Гапонов, Әмина Бөрібаева (Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS)

II орын «idk» командасы – Ілияс Махатов, Мансұр Асылбеков (Семейдегі NIS)

III орын – «Goats» командасы – Дінмұхаммед Өтжан, Нұржан Көкеев (Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS)

Future Engineers санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

I орын – «ROBOTEK Prime» командасы – Әмір Қарабаев, Аңсар Саурбаев (Астана қаласындағы Роботек мектебі)

II орын «Qyzylorda» командасы – Ернұр Сәду, Нұрдәулет Әділбек (Қызылордадағы NIS)

III орын – «SpaceX» командасы – Естай Мұратбай, Алихан Абдықали (Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясы)