Баспасөз-қызметі
NIS Виртуалды мектебі өз жұмысын бастайды
9 қазанда 6-сынып оқушыларына арналған NIS Виртуалды мектебі өз жұмысын бастайды.
Виртуалды мектеп – 5 және 6-сынып оқушыларын «Өркен» білім беру гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында оқуға конкурстық іріктеуге дайындайтын тегін білім беру платформасы.
Виртуалды мектептің «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндерінен оқу бағдарламалары білім берудің тиімділігін арттыруға, баланың ынтасы мен қажетті дағдыларын дамытуға және Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге дайындықты бастауға мүмкіндік береді.
Виртуалды мектепте оқу аяқталғаннан кейін оқушы қашықтан өтілген тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындау және қорытынды тесттен өтуі қажет.
Қорытынды тестілеуде ең жоғары ұпайдың 50 және одан да көп пайызын жинаған оқушылар демалыс кезінде Назарбаев Зияткерлік мектептері базасындағы Каникулярлы мектепке шақырылады.
NIS Виртуалды мектебінде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінен 22 949 оқушы оқыды, 4 574 (20%) оқушы «Өркен» білім грантын иеленіп, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне сәтті оқуға түсті. Виртуалды мектептің 11 мыңнан астам қатысушысы шекті ұпай жинап, өз аймақтарындағы Каникулярлы мектепте оқуын жалғастырды.
Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларына арналған NIS Виртуалды мектебіне тіркелу 2023 жылдың 18 желтоқсанына дейін жүргізіледі.
NIS Виртуалды және Каникулярлы мектептері туралы толық ақпаратты vs.nis.edu.kz сайтынан табасыздар.