Баспасөз-қызметі
Көрісу күніндегі жаңа кездесулер
Мерекелік марафон басталған күні Наурыз кездесулерінің қатысушылары көне Амал мейрамының қайталанбас дәстүрімен танысты.
Еліміздің әр өңірінен келген мектеп оқушыларының кездесуі «Көрісу» мейрамының символдық мәнін растады, дәмді дастархан қазақ халқының қонақжайлығын және ерекше әрі бай асханасын көрсетті, атақты «Көроғлы» күйін Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Р.Мәрсеков атындағы мектеп оқушысы Сырым Жандосұлы өз достарына тарту етті. Сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақта балалар Наурыз мейрамының құрметіне сыйлықтар жасады.