Баспасөз-қызметі
Алматыда NIS HACKATHON байқауы басталды
Алматыда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «NIS Hackathon – 2024» желілік байқауы басталды.
Еліміздегі барлық Зияткерлік мектептердің 180-ге жуық үздік бағдарламашы-әзірлеушісі Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS алаңына жиналды.
Хакатонды ХХІI ғасырдың жасанды интеллекті мен Зияткерлік мектептің 2155 жылғы шәкірті ашып, қатысушыларға адамзатты құтқару міндетін қойды. Ал шараның басты тақырыбын «Beyim Tech» ЖШС өкілдері Нұрсұлтан Дүйсебаев пен Біржан Мақанов жариялады.
Шарт бойынша 44 команда 1 тәулік ішінде «EdTech» тақырыбында жоба әзірлейді. Кіші және жоғары санатқа бөлінген қатысушылардың негізгі міндеті – білім беру саласына қатысты ұсынылған 8 мәселенің біріне бағдарламалық өнім дайындап, технологиялық шешімін табу. Сондай-ақ жобалардың креативті болуы маңызды.
Оқушылардың өнертабысын Сүлейман Демирель университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінің, сондай-ақ Microsoft Kazakhstan және Beyim Tech компанияларының сарапшылары бағалайды.
Хакатон жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 26 наурыз күні анықталады деп жоспарланған.