Баспасөз-қызметі
Петропавлдағы NIS оқушысы Нұрсұлтан Исқалиев ашихар каратеден әлем чемпионатының күміс медаль иегері атанды
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрсұлтан Исқалиев ашихар каратеден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Түрік Анталиясында татамиге 20 елдің жас спортшылары шықты.
– Әрине, алтын медаль әкелуге болатын еді, бірақ осы чемпионатта мен ашихара каратеден қатыстым, ол мен айналысатын эншин каратеден сәл өзгеше. Десе де, мол тәжірибе алып қайттым, – деп бөлісті Нұрсұлтан:
– 12 жасқа дейін киокушинкай каратемен айналыстым. Бір жарым жыл бұрын жаттығуды қайта бастауға шешім қабылдап, эншин карате секциясына жазылдым.
Нұрсұлтанды сенпай Санжар Кине жаттықтырады.
Петропавлдағы NIS ұжымы эншин каратеден Нұр-Сұлтан қаласының чемпионы мен республика чемпионының коллекциясы әлем біріншілігінің күміс медалімен толыққанын мақтан тұтады. Алда 4-кю жасыл белбеу иегерін эншин каратеден өтетін республика чемпионаты күтіп тұр.