Қызылорда қаласындағы NIS оқушысы Жангерей Зинелов үздік 100 университеттің төртеуінен шақырту алды

Биыл Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін тәмамдап жатқан Жангерей Зинелов Гонконгтың бірден төрт беделді университетіне шақырту алды.

Жангерейдің жоғары академиялық білім көрсеткіші Chinese University of Hong Kong (толық грант), City University of Hong Kong (толық грант), Hong Kong University of Science and Technology және Hong Kong Baptist University секілді жоғары оқу орындарын ерекше қызықтырды. Олардың барлығы әлемдік рейтингтегі үздік 100 университеттің қатарына еніп, ғылым, техника және инженерия саласында мамандар даярлаумен айналысады.

Оқу озаты, пән олимпиадаларының тұрақты қатысушысы Жангерей IESO – 2021 халықаралық олимпиадасының қола жүлдегері деп танылды. Ол ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып қана қоймай, өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы ретінде көптеген қызықты жобаларды жүзеге асыруға үлес қосты:

– Физика мен математикаға деген ерекше қызығушылық менің болашақ мамандығымды таңдауға әсер етті. Инженерия бағытында білім алып, еліміздегі технология саласын дамытқым келеді.