Ақтаудағы NIS оқушысы WAMAS-2023 олимпиадасында суперчемпион атанды

Ақтаудағы NIS оқушысы Әсия Қобылашова ментальді арифметикадан WAMAS-2023 халықаралық олимпиадасында жеңіске жетті.

Түркияның Анталия қаласында өткен жас арифметиктер жарысында Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Румыния, Сауд Арабиясы, Сирия, Ливан, Алжир, Әзірбайжан, Болгария, Иордания, Ирак, Египет, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де елдерден келген 400 дарынды бала бағын сынады. Чемпиондар мен супер чемпиондарға 100-300 доллар көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.

«WAMAS» олимпиадасы 5 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы байқауды Анталияның қалалық әкімшілігі және «Қазақстан мен Еуразия мемлекеттерінің достық және мәдениет қауымдастығы» бірлесіп ұйымдастырды.