Баспасөз-қызметі
Түркістан қаласындағы NIS шәкірттері ежелгі Сығанақ қаласының тарихын жандандыруда
Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Одина Турсункулова мен Нұргүл Жарылқап «Ортағасырлық Сығанақ қаласының Ұлы Жібек жолындағы маңызы» атты ғылыми жобаға авторлық құқық алды.
Одина мен Нұргүл қазақ даласының ұлттық пантеоны болған Сығанақтың тарихын зерттеп, ежелгі шаһардың 3D моделін жасады. Жоба жетекшілері – тарихшы Бақытжан Дүкенбай, география пәні мұғалімі Серік Жолдасов, математика пәнінің мұғалімі Эльдар Абдушукуров ғылыми туындыны зерттеудегі басты мақсат Сығанақ қаласының тарихи маңызын қазіргі жастар мен келешек ұрпаққа айшықтап жеткізу екенін атап өтті.
– Сығанақ қаласын жаңғыртуға ықпал ету үшін 3D макет әзірлеп, виртуалды нұсқасын құрдық. Жалпы жоспарлау жұмысына бір айдай уақыт кетті, ал шаһардың қаңқасы мен қорғандарын екі апта ішінде жинадық. Жоба толығымын бір жылдың ішінде дайын болды. Парсы және жапон тарихшыларының, соның ішінде Фазлаллаха ибн Рузбихан мен Хироюки Нагаминэнің еңбектерінде келтірілген деректермен көп жұмыс жасадық, – дейді Одина мен Нұргүл.
– Қаланың 3D моделін ойластыру кезінде негізгі идея сандық технологиялар арқылы тарихи оқиғаларды қамтыған ежелгі шаһардың өміршеңдігін көрсету болды, – деп бөлісті математика пәні мұғалімі Эльдар Абдушукуров.
Сығанақты зерттеуге деген қызығушылық Ақ Орда тарихынан басталды. Тарих пәні мұғалімі Бақытжан Дүкенбай зерттеу барысында авторлар көне қаланың түркі халықтарының саяси орталығы болғанына көз жеткізгенін атап өтті өтті.
– Өңірімізде тарихи көрікті жерлер мен жәдігерлер көп, сондықтан жоба авторлары Түркістанды туристік орталық ретінде танытуға өз үлестерін қосуға мүдделі, – деп бөлісті география пәні мұғалімі Серік Жолдасов.
«Ортағасырлық Сығанақ қаласының Ұлы Жібек жолындағы маңызы» атты жоба – Түркістандағы жаңа Зияткерлік мектеп оқушыларының алғашқы авторлық құқыққа ие болған туындысы, алдағы уақытта республикалық және халықаралық деңгейлердегі ғылыми конкурстар мен конференцияларда таныстырылады деп жоспарлануда.