Баспасөз-қызметі
Трансплантологияның жаңа перспективалары NIS алаңында құрылды
Семей қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Әкежан Айдынұлы өз ауруымен күресу үшін медициналық зерттеумен айналысуды қолға алған. Ол тұқым қуалайтын созылмалы псориазды жеңу мақсатында жасанды тіндерге сасық қурай өсімдігін енгізуді ұсынды. Жас ғалым Назарбаев Университеті профессорымен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғанын қуана хабарлады:
– Көп жылдан бері тері ауруының бірі псориазбен күресіп келгендіктен, бұл жобаға үлкен жоспарларым бар. Сонымен қатар NU профессорлары жасанды тіндерді басып шығаруда қолдау көрсетеміз дегені жаңа үміт сыйлады.
Blender бағдарламасында өкпе қан тамырларының 3D моделін сәтті жасап, биопринтинг құрылығысында басып шығару – дәрі-дәрмектерді тестілеудің ең тиімді жолы. Көкшетаудағы NIS оқушысы Мадина Абатова пандемиядан кейін өкпені қалпына келтірудің жылдам әдісін зерттеп жүр.
Трансплантологияның жаңа перспективалары «жасанды тіндер мен мүшелерді жасау» секциясында, соның ішінде заманауи медицинада серпіліс болуға уәде беретін бірегей жобалар да ұсынылды.