Баспасөз-қызметі
Білім беру жүйесіндегі трансформация қоғамның өзгеруіне байланысты, ал мектеп – тірі организм
Шығыс Қазақстан облысындағы 70-тен астам мектеп басшысы Өскемендегі семинарда білім беру ұйымдарының табысты модельдерін құруды үйренді.
– Симулятор – бірегей платформа, оған 1600 стратегиялық шешімдер енгізілген, яғни мектептің басқару командасы қабылдаған шешімдерге сай ары қарай әр түрлі нұсқалар ұсынылады. Бұл өз кезегінде цифрлы алаңның берер ресурсы өте зор екендігіне дәлел, – дейді Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.
Даму қарқыны өте жылдам уақытта мектепті басқару моделі де қалыс қалмай, заманауи болуы тиіс. Осы ретте басқару жүйесінде таңсық тәсілдерді қолдануға бағытталған жаңа платформаларды меңгерудің маңызды туралы Өскемен қаласындағы мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі директорының орынбасары Наталья Кудашова өз пікірімен бөлісті:
– Мектеп – тірі ағза іспеттес, сондықтан оны басқаруда барлық аспектілер ескерілуі тиіс. Бүгін оқып жатқан симулятор осындай маңызды бағыттардың барлығын қамтыған. Контенті де өте ыңғайлы, тұтынушыға түсінікті құрастырылған.
Мәскеулік ЕdСrunch академиясы мен NIS Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Білім беру ұйымын басқару» симуляторы Өскемен қаласындағы Зияткерлік мектепте таныстырылды.