Баспасөз-қызметі
ТМД аумағында алғаш рет WALS 2024 халықаралық конференциясы өтеді
Нидерландыда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен World Association of Lesson Studies компаниясы екіжақты келісімге қол қойды.
Астана посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет сабақты зерттеуге маманданған 50-ден аса елдің өкілдерін қабылдайды.
Келісімшартқа қол қою кезінде Кэтрин Льюис Педагогикалық шеберлік орталығының Lesson Study-ді мемлекеттік деңгейдегі ауқымды жобаға айналдырғанын ерекше атап өтті:
– Қазақстандағы Сабақты зерттеу шын мәнінде жоғары деңгейде жүзеге асуда және әрбір мұғалімге дерлік жетті, – деді World Association of Lesson Studies президенті. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуірінде өткен I Ұлттық конференция халықаралық деңгейдегі іс-шараға дайындықтың алғашқы қадамы болды.
Шартқа қол қою кезінде Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова Назарбаев Зияткерлік мектептері мен еліміздің білім беру жүйесі үшін халықаралық конференцияның маңыздылығын атап өтті.
Айта кету керек, 2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының (WALS) сарапшылық кеңесіне мүше болып, ресми түрде мойындалған. Осылайша Қазақстан халықаралық ғалымдар мен сарапшылармен бірге әлемдік зерттеулерге қатысып, «Lesson Study» әдісі бойынша жеткен жетістіктерді таныстыруға мүмкіндік алған.