Баспасөз-қызметі
Ақтөбелік директорлар «Білім беру ұйымын басқару» виртуалды тренажерінде үздік командалар құрды
Ақтөбе қаласындағы NIS-те жүзден астам мектеп директоры мен орынбасары білім беру жүйесінің топ-менеджерлеріне арналған компьютерлік модельдеудің өзектілігіне көз жеткізді.
«Білім беру ұйымын басқару» – мәскеулік ЕdСrunch академиясы мен NIS Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген біліктілікті арттыру жүйесіндегі жаңа цифрлық өнім.
– Қазіргі заманауи мектепті басқаруда басшы құзыреттілігін дамытудың маңызы зор. Биыл үшінші жыл мектеп басқарып отырмын, егер осы компьютерлік симулятор қызметімен ертерек танысқанда көп мәселелердің шешімдерін тез табар едім, – дейді №69 мектеп директоры Айгул Абжалелова.
Оқушылар, ата-аналар, әріптестер және басқа да мақсатты аудиториялармен қарым-қатынас жасаудың әртүрлі тәсілін симулятор арқылы меңгеру көптеген басшы үшін жаңалық болды.
Ақтөбе қаласындағы №11 мектеп-гимназиясының директоры Ғалия Ізбасқанова онлайн-тренажер стандартты емес шешімдер қабылдауда мектеп әкімшілігінің көмекшісі болып табылатынын атап өтті:
– Симулятор білім беру ұйымдары менеджерлерінің топтық жұмысын қарастырғаны өте маңызды, себебі басқару командасының уақытылы жоспар құруы – олардың өзара әрекеттестігі мен ойларының ортақтығына байланысты.
Симуляторға директорлар үшін 1600 стратегиялық шешімдер енгізілген.