Атыраудағы NIS оқушылары – халықаралық байқау жеңімпаздары

Атыраудағы NIS оқушылары – халықаралық байқау жеңімпаздары

Атыраудағы Назарабев Зияткерлерік мектебінің «Гауһар тас» би ансамблі халықаралық «Zhuldyz Art» байқауында хореография номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. Би үйірмесінің жетекшісі Райгүл Джумахаева оқушылардың кезекті жеңісін қуана жеткізді:

– Мектеп өмірінде белсенді болудың бір пайдасы – түрлі конкурстарға қатысып, бақ сынаған сәтте әрдайым оң нәтижесін беруінде. Бұл үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі.

Айта кетейік, «Жайық қызы» биін орындаған жас таланттар Түркияда өтетін сайысқа жолдама алып отыр.