Баспасөз-қызметі
Таир Сатубалдин тағы да алтын медаль иегері атанды
Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тің Жібек жолындағы жаңа жетістігі
«Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушылары түрлі дәрежедегі алты медальді еншіледі.
Таир Сатубалдин Жәутіков олимпиадасындағы жетістігін қайталап, алтын медаль жеңіп алды. Ал Жәутіковтің күміс жүлдесін иеленген Нұрасыл Әбдіразақ құрмет тұғырының бірінші сатысына көтерілді. NIS-тің күміс коллекциясын Ақерке Нұрахметова толықтырса, Алдинаш Сейтенов, Арсен Нәрік және Әлімжан Тұрдалы Жібек жолының қола жүлдегері атанды.
Зияткерлік мектептердің тағы екі өкілі беделді халықаралық олимпиадада ерекше көзге түсті. Қарағандылық Рахым Баймурзин күміс медаль иеленсе, елордалық Әбузер Әбуовке үшінші орын бұйырды.
Дәстүрлі олимпиадада Ұлы Жібек жолы елдерінің жас математиктері қатысты.
Жібек жолының математикалық олимпиадасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында қашықтан ұйымдастырылды.