Баспасөз-қызметі
Сыр зияткерлері «Ақберен» республикалық өнер байқауында жүлделі орын алды
Ақтау қаласында өткен X республикалық «Ақберен» өнер байқауында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары екі жүлделі орынмен марапатталды.
«Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша 12-сынып оқушысы Нұрназар Түрікпен бірінші орын иеленсе, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясында 11-сынып оқушысы Сырсұңқар Базарбайұлы екінші орынды қанжығасына байлады және «Эссе жазу» сайысында 11-сынып оқушысы Айя Сердалы «Дарын» грамотасымен марапатталды.
«Ақберен» – жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында өткізілетін еліміздегі беделді додаларының бірі. Биыл байқауға 8-11 сынып оқушылары арасынан 132 өнерлі өрен бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.
– Қатысушылар «Ақбереннен» достар тауып, Каспий теңізімен сырласып, үлкен әсер алып, туған жерлеріне шабыттанып қайтты. Шабыты тасыған шығармашыл тұлғадан шиыршық атқан өміршең туындылардың жарық көретіні сөзсіз», – дейді Қызылордадағы Зияткерлік мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күлжақан Өксікбаева.