Баспасөз-қызметі
СТРАТЕГИЯ – 2035: Мектептегі әл-ауқат индексі
Зияткерлік мектептердің барлық білім беру қызметін жетілдіру жөніндегі кешенді жұмыстың келесі буыны – бүкіл мектеп қауымдастығының әл-ауқатының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қолайлы және жайлы орта құру.
NIS бес жылдан бері UNODC ұйымымен серіктестікте балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған «Берік отбасы» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Одан өзге «Қазақстандағы мектеп білім беру жүйесінен балалардың шығып қалуының профилактикасы, анықтау және мән беру үшін ерте алдын алу жүйесі», UNICEF-пен серіктестікте «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу», «Жетістікке жету психотехнологиясы: менің 5 жылдық жоспарым», «Болашақты басқару: өзгерістерге қалай тез әрі жеңіл бейімделуге болады», «Өзгелермен өз қалпында өмір сүр» бағдарламалары бар.
2023 жылы ДББҰ Финляндиядағы Turku университетінің буллингке қарсы KiVa® бағдарламасын қазақстандық мектептерге енгізу құқығын алды. Бүгінде бағдарламаны бейімдеу, материалдарды аудару және мамандарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Зияткерлік мектептерде білім алушылардан, ата-аналар мен мұғалімдерден сауалнама алу арқылы оқушылардың әл-ауқаты индексін енгізу жоспарланған.
Ал NIS мұғалімдерінің әл-ауқат жүйесін қалыптастыруда мүдделі тараптардың санасы мен ұйымдастыра алу және сыни көзбен қарай білу қабілетінің жоғары болуы аса маңызды. Сонымен қатар қолданыстағы HR-стратегиялары да осыған сай болуы керек. Оған қоса педагогтердің әл-ауқат жүйесі бизнес экожүйесін қалыптастырады, яғни мұнда педагог мамандардың қажеттіліктері жіктеледі.