Баспасөз-қызметі
СТРАТЕГИЯ – 2035: Білім беру ұйымдарын бағалау және аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз агенттік құру
Білім беру ұйымдарын бағалау және аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз агенттік құру – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2035 жылға дейінгі стратегиясында бекітілді. Бұл мектептердің жоғары халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігінің және білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі болып табылады.
NIS білім беру қызметінің негізгі аспектілерін, яғни мектепті дамыту тұжырымдамасы, педагогикалық қоғамдастық, оқыту ортасы мен процесі, білім беру ресурстарын қамтитын аккредиттеу стандарттарын әзірледі.
Аккредиттеу жүйесінің әдіснамасын жасақтау барысында Зияткерлік мектептерді аккредиттеудегі академиялық бедел мен тәжірибе, білім беру ұйымдары қызметін зерттеу мен талдаудың белгіленген тетіктері пайдаланылды, сондай-ақ білім беру сапасының жоғары көрсеткіштеріне ие Канада, АҚШ, Англия, Оңтүстік Корея және Нидерландыдағы аккредиттеудің халықаралық тәсілдеріне шолу жасалды.
Жалпы аккредиттеу білім беру сапасын қамтамасыз етудегі маңызды буын болып табылады. Ол білім беру сапасын жақсартуға және әлемдік қоғамдастықта бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.