Баспасөз-қызметі
«Ұстаздық ұстаным»: Қостанайдағы NIS болашақ мұғалімдерге мамандық бойынша гайд ұйымдастырды
«Ұстаздық ұстаным»: Қостанайдағы NIS болашақ мұғалімдерге мамандық бойынша гайд ұйымдастырды
Қостанайдағы NIS-те педагог мамандығын таңдаған ауыл мектептерінің оқушылары үшін «Ұстаздық ұстаным» атты кәсіби гайд ұйымдастырылды.
– Ұстаздық жолды таңдаған жастарды бір алаңда жинап, мектеп өмірімен таныстыру, оларға педагогика саласының ең қарапайым әрі тиімді оқыту әдістерін көрсету – басты басымдық. NIS базасында ұйымдастырылған шығармашылық шеберханалар оқушыларға шабыт сыйлап, мұғалім мамандығына деген қызығушылықты арттыратына сенімдіміз, – деп шара қатысушыларын Қостанайдағы Зияткерлік мектеп директоры Гүлнар Дусказиева қарсы алды.
Облыста «Үздіксіз білім берудегі педагог» бірегей авторлық жобасы жұмыс істейді, оның аясында жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептерде оқушылармен мақсатты кәсіптік бағдар беру жұмыстары арқылы кадр мәселесі шешілуде. Мәселен, Қарабалық ауданының шағын жинақты мектебіне 24 оқушы мұғалім болып оралды. Қостанайда мұндай мысалдар көп. Бұл жобаға Жетіқара, Б.Майлин, Қарабалық, Ұзынкөл, Әулиекөл және Қамысты аудандарынан, сондай-ақ Рудный қаласынан барлығы 16 мектеп қатысуда.
– Қостанайдағы NIS базасында нұсқаулық шеңберінде оқушыларды мұғалімдік кәсіпке баулудамыз, олар Зияткерлік мектепте мұғалімдердің қалай жұмыс істейтінін көруде, – деп атап өтті Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Татьяна Набатникова.
Педагог мамандығының артықшылықтары туралы TEDx форматында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амир Ажмухамбетов айтса, химия пәнінің мұғалімі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлмира Конспаева ұстаздық мансап құрудағы жеке тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші Ләззат Қалақованың әлем бойынша колледждер мен жоғары оқу орындары туралы баяндамасы оқушылар үшін мазмұнды болды.
– Мен өзімнің болашағымды педагогика саласымен байланыстырып, химия пәнінің мұғалімі болуды армандаймын. Химияға сүйіспеншілікті оятқан – ұстазым. Зияткерлік мектепке келіп, мақсатыма қол жеткізуге үлкен серпіліс алып қана қоймай, эксперимент жүргіздік, жаңа ақпараттар алдық, – деп Б.Майлин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Айым Құдайбергенова өз әсерімен бөлісті.