Баспасөз-қызметі
Спартакиаданың бірінші күні Өскемен, Астана және Ақтөбе волейболшылары жеңіске жетті
Бүгін елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те қыздар арасында волейболдан желілік спартакиаданың ақтық кезеңі басталды.
Алаңға Астана, Қызылорда, Ақтау, Ақтөбе, Өскемен және Алматыдан 65-тен астам үздік ойыншы шығады.
Тартысқа толы жарыстың бірінші күні көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Өскемен құрамасы IB мектебінің командасынан мықты болды. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS волейболшылары Ақтау құрамасын жеңді, ойын 2-0 есебімен аяқталды. Ақтөбе мен Алматыдағы физика-математика бағытындағы мектептің жас спортшылары арасындағы матчта оңтүстік астана өкілдері 2:0 есебімен жеңіліп қалды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ NIS-тің ең үздік командаларын марапаттау дәстүрін жалғастыру жоспарланып отырғанын және желілік спартакиадалардың (шахмат, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ) қорытындысы бойынша чемпиондарға ауыспалы кубоктар табысталатынын атап өтті.