Баспасөз-қызметі
Өскемендік зияткер халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында жүлдегер атанды
Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Батыр Ержанұлы Бангкок қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы XX халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында (IJSO) қола медаль иеленді.
– IJSO мен үшін халықаралық жарыстарының бастамасы болды. Болашақта өз өмірімді ғылым саласымен байланыстыруға шабыт алдым, – дейді жүлдегер.
Биыл International Junior Science Olympiad 1-10 желтоқсан күндері өтті. Білім бәйгесіне әлемнің 54 елінен 311 оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар орындады. Қазақстан құрама командасының барлық алты мүшесі қола медаль еншіледі.
Халықаралық IJSO олимпиадасы 2004 жылдан бері ұйымдастырылады.