Баспасөз-қызметі
Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS-тің алты оқушысы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарынан шақырту алды
Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің алты оқушысы АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Гонконг және Катар елдерінің беделді университеттерінен шақырту алды.
Камилла Серікбай талапкерлердің бір пайызын ғана қабылдайтын белгілі Минерва Университетінің толық грантын иеленумен қатар Торонто университетіне шақырту алды (QS World University Rankings 2023 – 34-орын). Ал Мерей Бейсенбаева мен Арайлым Шайзада өздерін Гонконг университетінің студенттері мен стипендиаттары екенін мақтанышпен айта алады. Мирас Қайролла KAIST Университетінің (Korea Advanced Institute of Science and Technology, QS World University Rankings 2023 рейтингінде 42-орын) толық грантына қол жеткізді. Бексұлтан Жәдігеровке Пенсильвания мемлекеттік университетінен шақырту мен Хофстра университетінде 50% жеңілдікпен оқуға мүмкіндік беретін хабарлама келді.
Зияткерлер әлемдегі үздік жоғары оқу орындарында білім алып, Қазақстанға сұранысқа ие маман ретінде оралуды армандайды.