Баспасөз-қызметі
«Шабыт» шаңырағында Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева: аншлаг, шедеврлер мен асыл армандар⠀
«Шабыт» алғаш рет Джульеттаның ариясымен басталды. Алғаш рет есті тыңдарманның жүрегіне жақын әуендер рояльда ойналды. Танымал жобаның мамырдағы кездесуінің басты кейіпкерлері⠀махаббат пен музыканың символы, отандық өнердің брендіне айналған әйгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера дивасы Нұржамал Үсенбаева атанды. Кездесуге дәстүрлі түрде еліміздің барлық өңірінен жүздеген педагог қосылды, осылайша онлайн форматта да нағыз аншлаг болды.
Азиядағы білім беру жөніндегі Жаһандық комиссияның комиссары Күләш Шәмшидинова Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаеваны⠀ел мәдениетінің лайықты уәкілетті өкілі деп атап, ерекше құрмет көрсетті. ⠀⠀
Әлемдік махаббат пен мойындауға қалай қол жеткізуге болады? Нұржамалға батасын беріп, үлкен өнерге жолын ашқан кім? Төлеген өзінің шын ғашық⠀екенін қашан түсінді? Жетістікте не маңызды – дарын⠀әлде еңбек? Ұлттық операның басты Қыз Жібегі өмірлік жарын сахнадағы Төлегенге ұқсата ма? Маэстро Мұхамеджанов кеңестік дәуірде қомақты саналатын жалақысын 20 рубль стипендияға ауыстыруға қалайша бел буды? Ересек кезінде алғаш рет роляға қалай отырды? Мемлекеттік қызметті шығармашылықпен қатар алып жүру қиын ба? Нұржамал сиыр сауа ала ма? Кейіпкерлер барлық сауалдарға әдемі әзілмен шынайы жауап беріп, «Шабытқа» қатысушылардың барлығын шабыттандырды.⠀
Бұл жолы алғаш рет меймандардың өзі де арнайы сұрақтарымен келді. Төлеген Мұхамеджанов басты шедеврлерін ойнап, оларды қашан және кім орындағанын табуды ұсынды. Екінші әуеннен бүкіл көрермен сүйікті композитормен бірге қосыла ән шырқай жөнелді.⠀⠀
– Армандаңыздар, арманға жету жолында аянып қалмаңыздар, сонда ол міндетті түрде орындалады», – бұл Нұржамал Үсенбаева мен Төлеген Мұхамеджановтың өмір мен өнер жолынан түйген басты сабағы. ⠀⠀
Мамырдағы кездесу күтпеген жерден нағыз мейрамға айналды, себебі барлық жанды музыкаға деген сүйіспеншілік пен құрмет біріктірді.