Баспасөз-қызметі
Сабыржан Садуақасов «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Қамқоршылық кеңес және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының шешімімен NIS Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Сабыржан Садуақасов тағайындалды.
Сабыржан Өміртайұлы Қостанай гуманитарлық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген, магистр дәрежесін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институында алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында мұғалім-тәрбиеші болып бастаған. Сондай-ақ Қостанай қаласының білім бөлімі мен Астана қаласының білім басқармасында қызмет еткен.
Сабыржан Садуақасов NIS жүйесіне 2011 жылы келді: Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (IB) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды. 2016 жылдан бастап Ақтөбедегі Зияткерлік мектепті, 2019 жылдан бастап Астанадағы NIS Халықаралық бакалавриат мектебін басқарды.
2015 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін иеленді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.