Баспасөз-қызметі
Робототехника бойынша Әлем чемпионатының жеңімпаздары Қазақстанға оралды
Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Сингапурда өткен робототехникадан дүниежүзілік FIRST Global Challenge-дің абсолютті чемпиондарын Астана әуежайында қарсы алды.
Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал 191 елден келген 1000-нан аса қатысушының арасынан ең көп ұпай жинап, Қазақстанға алтын медальмен оралды. NIS оқушыларын халықаралық байқауға мектептің технотория зертханасының меңгерушісі, тренер Бекзат Іңкәров дайындады.
Жеңіс тұғырынан көрінген жас робот техниктерді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов, NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, Alumni NIS қоғамдық бірлестігі және елордалық зияткерлер мен ұстаздар құттықтады.
– Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылардың зерттеушілік қабілетін көтеру арқылы елімізде соңғы технологиялар мен цифрландыруды дамытуға үлес қосып отыр десем артық айтқаным емес, – деп атап өтті Әнуар Жанғозин.
Еске салсақ, зияткерлер 2022 жылы Швейцарияда өткен FIRST Global Challenge жарысында да рекордтық ұпаймен чемпиондық титулды еншіледі.