Баспасөз-қызметі
Павлодардағы NIS өкілдері балалар ваннасының жаңа үлгісіне патент алды
Павлодардағы Зияткерлік мектеп өкілдері балаларды жуындыруға арналған пайдалы әрі ерекше ваннаға патент алды. Физика және тарих пәні мұғалімдері Мөлдір Мұғраж, Үмбетбек Райсбек, NIS оқушылары Кәусар Гусманова, Дамели Исабекова, Ғаділет Калемшарив пен Абдуррахим Тулегенов күнделікті қолданыста пайдаланатын дүниені одан әрі жетілдірді.
Көптеген жағдайда нәрестені шомылдыру кезінде анасы немесе әкесі көмекке мұқтаж. Оқушылар жетекшілерімен бірлесіп, бұл процесті ыңғайлы және қауіпсіз етудің жолын тапты. Жаңа ваннаның басқалардан айырмашылығы – педальмен басқарылатын суару функциясы бар, сонымен қатар судың мөлшерін басқаруға болады.
– Сәбиді жуындыру кезінде шомылдыратын адамның екі қолы да бос болмайды. Анасы бір уақытта баланы ұстауы және оның үстіне жылы су құюы керек. Бұл жерде бала анасының қолынан шығып кету қауіпі де туындайды. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін жаңа ванна түрін ойлап таптық, – дейді физика пәні мұғалімі Мөлдір Муғраж.