Баспасөз-қызметі
Қостанайдағы NIS оқушысы Ерболат Сембаев интерактивті оқыту квест-жүйесіне авторлық құқық алды
Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Ерболат Сембаев «Quest System of Interactive Learning, QSOIL – Quest System of Interactive Learning» жобасы үшін авторлық құқық туралы куәлік алды.
Жүйе 3D кеңістігінде процесті геймификациялау арқылы ағылшын тілінде компьютерлік ғылымды оқытуға арналған. QSOIL тақырыптық квестті қамтиды, ол үшін материалды зерделеу және тапсырмаларды орындау қажет, сондай-ақ параметрлері екі режим бойынша жұмыс істейді: оқу және білімді тексеру.
Жобаға кіріспес бұрын Ерболат жеке зерттеу жұмысын жасады, онда ол екі мәселе – IT мамандарының тапшылығы мен оқыту ресурстарын кеңейтуді жан-жақты қарастырды. Автор оқыту әдістерін әртараптандыру және оқушылардың қызығушылығын тудыратын ресурстарды пайдалану екі мәселені де шешуге көмектеседі деп есептейді. Ерболат өз гипотезасын растау үшін Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектепте сауалнама жүргізді, онда информатиканы зерделеу кезінде күрделі тақырыптарды көрсету, сондай-ақ ойын форматында интерактивті оқыту платформасын құру туралы пікір білдіру талап етілді. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, оқушылардың көпшілігі бұл тәсілді тиімді деп санайды, бұл – жобаны құрудың шешуші факторына айналды.
Ерболаттың квест-жүйесі NIS оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша желілік ғылыми жобалар байқауында «Информатика» секциясында бірінші орынға ие болды.
– Ерболат – өз идеясын жүзеге асыруды ұнататын шәкірттерімнің бірі. Біз жобаның тақырыбын талқыладық және таңдауымыз білім беру қосымшасына түсті. Өзінің ерекше ынталығының арқасында жобаны жасауда табысқа жетті, – дейді Ерболаттың жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Борис Зеленов.