Баспасөз-қызметі
NIS ғылыми жобалар байқауының екінші кезеңі басталды
Зияткерлік мектептер мен Астана халықаралық мектебінің (ISA) жас өнертапқыштары іріктеуден өткен екі жүз отыздан астам үздік жұмыстарды NIS ғылыми жобалар байқауының екінші кезеңінде таныстырады.
Желілік ғылыми жобалар байқауы 30 қазан мен 1 қараша аралығында NIS Ph&M Astana базасында жаратылыстану-математикалық бағытта және NIS Ch&B Almaty базасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша офлайн форматта өтеді.
Жас зерттеушілерге арналған желілік сайыс бес бағытта ұйымдастырылады – «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлары» және «Туған елге тағзым».
Сондай-ақ жас ғалымдарды мәдени және танымдық шаралар күтіп тұр. Үш күн ішінде оқушылар Nazarbayev University, Astana IT University, KIMEP, SDU және еліміздің басқа да беделді жоғары оқу орындарын аралайды. «QazInnovations» Инновациаларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шынасыл Ерназармен, «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиевпен, Alumni NIS өкілдері және өзге де танымал тұлғалармен кездесу жоспарда тұр.
Еске салсақ, желілік ғылыми жобалар байқауының бірінші кезеңі 16-20 қазан аралығында қашықтан өтті және NIS пен ISA-ның 888 оқушысы 575 жоба ұсынды.