Баспасөз-қызметі
NIS ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту жұмысын жалғастыруда
2024 жылдың сәуір айынан бастап NIS Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылға арналған Ұлттық жазылымды ресімдеу үшін реферативтік және толық мәтінді халықаралық дерекқорларына тізіміне енді. Ұлттық жазылым аясында NIS Scopus (Elsevier), Web of Science (Clarivate Analytics) деректер базаларына, сондай-ақ Wiley Online Library толық мәтінді платформасына қол жеткізе алады.
Ұлттық жазылым шеңберінде толық мәтінді және реферативтік ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында вебинарлар сериясы ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, NIS жалпы негізде 2023 жылы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өткен болатын.