NIS-тің физикадан Халықаралық олимпиададағы қос күмісі

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебей және ақтөбелік зияткер Алишер Еркебаев физикадан Халықаралық олимпиаданың (IPhO) қос күмісімен елге оралады.

Қазақстан құрамасында Ерсұлтан International Physics Olympiad-тің үш дүркін күміс медаль иегері атанса, Алишер дебют жасады.

Еске салсақ, мамырда зияткерлер физикадан Азия олимпиадасында да (APhO) өнер көрсетіп, Ерсұлтан Пітебай алтын, Алишер Еркебаев қола еншіледі.

IPhO Жапония астанасы Токиода 10-17 шілде аралығында өтті. Биылғы олимпиадаға 83 елден 415 оқушы қатысып, ағылшын тілінде физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын теориялық мәселелерді шешті және зертханалық жұмыстарды орындады. Нәтижесінде Қазақстан құрама командасының барлық бес мүшесі 4 күміс және 1 қола медаль иеленді