Баспасөз-қызметі
NIS-те республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі басталды
Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңіне аяқ басты. Олар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сарапқа салады.
16 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынайтын оқушылар үшін бірінші тур басталады.
Жұмыстарды тексеру Алматыдағы химия-биология бағытындағы және елордадағы физика-математика бағытындағы NIS базасында өтеді деп жоспарлануда.
Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасын таныстырады.