NIS-те Қостанай облысының директорлары Көшбасшылық мектебінен өтті

Қостанай қаласындағы NIS Меңдіқара, Қарабалық және Б.Майлин аудандарының орта мектептері директорлары үшін тағылымдама ұйымдастырды.

– Курс директорлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған және облыстық білім басқармасының қолдауымен іске асты, – деп атап өтті жобаның бастамашысы мен NIS директоры Гүлнара Дусказиева.

– Зияткерлік мектеп басшылығымен өткен кездесу бізге ерекше әсер қалдырды. Қызығушылық, ашықтық және шығармашылық, бірлесіп жұмыс істеуге деген ұмтылыс қуантады, – дейді Қарабалық ауданының Абай атындағы №2 орта мектебі директоры Жанат Қарбаева.

Білім беру құрылымдарының басшыларына менеджмент жүйесінің жаңа көзқарасы, критериалды бағалауды ұйымдастыру, оқытуға сараланған тәсілдер, сабақты бақылаудағы трендтік басымдықтар ұсынылды.

Қостанай қаласындағы NIS жайлы білім беру ортасын құруда, оқу процесін психологиялық қолдауда, тәрбие жұмысында, өз практикасының зерттеу дағдыларын дамытуда тәжірибе алмасу үшін базалық платформаға айналды.