Баспасөз-қызметі
NIS ұстаздарының авторлық бағдарламалары республикалық байқауда үздік деп танылды
Алматыда «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері анықталды. Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтерінің қоржыны жаңа марапаттармен толықты.
I орын Нұржан Байбуров – Өскемендегі Зияткерлік мектептің география пәні мұғалім-сарапшысы – «Геоақпараттық жүйелер арқылы географиялық деректерді модельдеу» авторлық бағдарламасы
Сергей Кошкин – Көкшетаудағы Зияткерлік мектептің физика пәні мұғалім-сарапшысы – «Развитие исследовательских навыков учащихся через решение нестандартных экспериментальных задач с использованием инструментов дизайн-мышления» авторлық бағдарламасы
Наталья Устинова – Петропавлдағы Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалім-модераторы – «Математика +. Решение развивающих задач» авторлық бағдарламасы
II орын Мират Оспанов – Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің физика пәні мұғалім-сарапшысы – «Развитие навыков экспериментального анализа и обработки данных при решении физических задач» авторлық бағдарламасы
Замзагүл Тажғалиева – Оралдағы Зияткерлік мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім-сарапшысы – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиадаға даярлық» (Н.Оразақынованың сатылай кешенді талдау әдістемесі негізінде) авторлық бағдарламасы
Борис Зеленов – Костанайдағы Зияткерлік мектептің информатика пәні мұғалім-зерттеушісі – «Развитие навыков программирования при решении финансовых задач» авторлық бағдарламасы
III орын Дулат Тұрарбеков – Астанадағы Зияткерлік мектептің (IB) тарих пәні мұғалім-сарапшысы – «Зерттеу дизайны» авторлық бағдарламасы.