Баспасөз-қызметі
NIS пен Microsoft Kazakhstan арасында өзара түсіністік туралы мемарандум қабылданды
Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және «Microsoft Kazakhstan» компаниясының бас директоры Сергей Лещенко өзара түсіністік туралы мемарандумға қол қойды.
– Пандемия цифрлық трансформацияға әсер етті. Барлығы Teams платформасына және басқа да мессенджерлерге көшіп, білім беру кеңістігінде ақпаратпен жұмыс істеу ұлғая түсті. Осы ретте біз дербестендірілген оқуытуға баса назар аударып келеміз, – деп атап өтті «Білім беру» сегментіндегі EMEA (Еуропа, Азия, Африка) өңірінің аймақ бойынша бас директоры Марк Ист.
Кездесу барысында екі жақ білім беру мен инклюзивті білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастықтың, сонымен қатар цифрлық білім беру бағдарламалары мен техникалық шешімдер жөніндегі бағдарламаларды ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды құрудағы ынтымақтастықтың зор маңызын атап өтті.
Меморандум аясында «Microsoft Education Transformation Framework» әдіснамасы негізінде білім беруді трансформациялау бойынша Microsoft корпорациясының үздік тәжірибелері мен «Цифрлық трансформациядағы көшбасшылар» жаһандық бағдарламасына қатысу мүмкіндігі ұсынылады.
NIS үздіксіз оқытудың сенімді жүйесін құру үшін Қазақстандағы Microsoft корпорациясымен 2014 жылдан бері серіктестікте.