Баспасөз-қызметі
NIS пен БИЛ өкілдері білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады
Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының өкілдері білім беру жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Білім беру бағдарламалары, Педагогикалық өлшеулер және Педагогикалық шеберлік орталықтары өз қызметі жайында баяндамаса жасады.
Сондай-ақ қонақтарға Қазақстанда баламасы жоқ Beyim Tech цифрлық жобасы таныстырылды.
«Білім-Инновация» қорының өкілдері NIS жобаларына жоғары қызығушылық танытып, еліміздегі білім беру сапасын арттыру бағытында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында NIS және «Білім-Инновация» қоры екі ұйым арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды.