NIS пен барша ел Ерболатпен мақтанады!

Кеше түнде елордалық әуежайда Бангкоктан ұшып келген қазақстандық команданың отбасылары, достары, әріптестері мен жанкүйерлері жиналды.

NIS Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері ұлттық құрама сапында следж хоккейден әлем чемпионатының күміс медалін еншілеген Ерболат Әбдіғалымовты туыстарымен бірге қарсы алды. Құттықтау баннерлері ол жұмыс жасайтын полиграфиялық кешенінде басылды.

Дизайнер Ерболат Әбдіғалымов аты аңызға айналған 17 нөмірімен ойнайды, Тайланд чемпионатына дейін беделді Ресей кубоктарында өнер көрсеткен. Енді оның командасы әлемдік хоккей элитасына жолдама алып, келесі жылы қайтадан Жоғары лиганың «В» дивизионында мұз айдынын бағындырады.