NIS оқушысы математикадан халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Мұхаммадсолих Абдуғафаров математикадан Болгария Халықаралық байқауының (BIMC-2023) жүлделі екінші орнын иеленді.

Беделді білім бәйгесі Болгарияның ірі қалаларының бірі Бургаста қашықтан өтті. 31 елден қатысқан 648 жас математик кіші және жоғары лига санаттарында өнер көрсетті.

Айта кетсек, осы жылдың мамыр айында Мұхаммадсолих жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасында да екінші орынды еншіледі.